Сабақ апта сайын өтеді
Биыл 1 қыркүйектен еліміздің барлық балабақшасы мен мектебінде жеке қауіпсіздік сабақтары қайта басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қауіпсіздік сабақтары балабақшадан бастап колледжге дейін білім берудің барлық деңгейін қамтиды. Әр жас ерекшелігіне бөлек блок әзірленген:
«Тәжірибе көрсеткендей, мұндай сабақтар балалардың мазасыздығын төмендетіп, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады және оларды өмірдегі, онлайн ортадағы күрделі жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретеді», – дейді Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Сабақ апта сайын сынып сағаты аясында 10 минутқа созылады және тақырыптар жылына үш рет қайталанады.
Айта кетері, жеке қауіпсіздік сабақтары 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар аясында енгізілген.