19.06.2020, 09:37
Қоғам
Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының басшысы ұсталды
Ол жұрттың сеніміне кіріп, ірі көлемде ақшаларын алып отырған
Атырау полициясы «НурАлиКапитал» ЖШС-нің құрылтайшысын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті ақпан айынан бері халықаралық іздеуде жүрген.
Ол 16 маусымда Алматыда ұсталған.
«Ұсталған күдікті жұртты алдау арқылы олардың мүлкі мен ірі көлемде ақшасын алып алған», - дейді Атырау облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрхат Оразбаев.
Бұған дейін Атырау соты күдіктіні қамауда ұстау туралы шешімді сырттай шығарған болатын. Қазіргі таңда қылмыстық іспен Полиция департаменті жанынан құрылған шұғыл тергеу тобы айналысып жатыр.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)
02.10.2026, 14:52
«Бұл – менің орным»: Семейде түн ішінде есік алдына қызыл бояумен жазу жазған әйел 216 мың теңге айыппұл төледі (ВИДЕО)