Прокурор Руслан Берденовті атқан Ернар Жиембайды 11 жылға соттауды сұрады
Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуі мүмкін

Шымкентте өтіп жатқан сот отырысында мемлекеттік айыптаушы қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атқан сотталушы Ернар Жиембайды он бір жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аса ауыр қылмыс жасағаны, яғни адамды қасақана өлтіруге оқталғаны сотта өз дәлелін тапты деп есептеп, сізден сотталушы Жиембай Ернар Жиембайұлын Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі және 99-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, осы баппен оған 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Жазаны қылмыстық-атқару жүйеcінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуді белгілеуді сұраймын», - деді прокурор сотта.
Бүгін Руслан Берденов сот процесіне онлайн қосылып, 21 сәуір күні оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.