18.08.2025, 10:19
Қоғам
Автосалонннан су жаңа көлік сатып алатын қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық жарияланды
Пилоттық жоба келесі жылдың ортасына дейін созылады
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда автосалоннан сатып алынған көліктерді eGov порталы арқылы онлайн тіркеу жүйесі енгізілуі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлескен бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Құжатқа сәйкес, елімізде «Электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы көліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеу бойынша пилоттық жоба басталады.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы мына мемлекеттік қызметтер ұсынылады:
- көліктің сәйкестендіру нөмірі бойынша көліктің жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару;
- көлікті тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін беру.
Пилоттық жоба 2026 жылғы 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Бұйрық жобасы 2 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылған.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
19.08.2026, 11:54
ШҚО-да экс-сүйіктісін үш ай бойы аңдып, күні-түні маза бермеген ер адам ақыры сотталып тынды
19.08.2026, 16:50
«Жүрегің ауырады»: Бас мүфти Жамбыл облысындағы жас келіншектің өлімінен кейін мәлімдеме жасады
20.08.2026, 00:16
Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық: 20 тамызда дауылды ескерту жарияланды