Тоқаев: Ауыл баласы мен қала баласы бірдей білім алуы керек

Автор: Нұргүл Абай

4 мыңнан аса ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңғыртылған

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала мен ауыл мектебіндегі білім беру деңгейін теңестіруді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Баланың бәрі – бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты да – осы», - деді ол ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясында.

Айтуынша, соңғы төрт жылда 4 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңғыртылған. Ауылдағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңадан кітапханалар, асханалар мен спорт залдары салынып жатыр.

Президент бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.