Қалада қоғамдық көлік қалыпты режимге дүйсенбі күні оралады
Эпидемиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты демалыс күндері (20-21 маусымда) елордада қоғамдық көлік жүрмейді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 22 маусымда, дүйсенбі күні оралады.
Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және т.б. халық көп жиналатын жерлер жабылады. Қорғаныс министрлігінің күшімен адам көп жүретін орындарда (саябақтар, гүлзарлар және т.б.) ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі», - делінген хатта.