Алматы дәрігерлері жарты жыл ішінде 16 келіге арықтаған ер адамның ішегінен рак тапты

Автор: Бақыт Шынар

Дәрігерлер шұғыл ота жасап, ер адамды құтқарып қалды

Фото: Алматының денсаулық сақтау басқармасы

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы ұзақ жылдар бойы іші қатып, үлкен дәретке баруы қиындаған ер адамның ішегінен 6 см ісік тапқан: ең өкініштісі ер адам қауіпті белгілерге қарамастан, дәрігерлерге мүлде қаралмапты. Жарты жыл ішінде 16 келі салмақ тастаса да ол ауруханаға бармаған екен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Дәрігерлердің айтуынша, 52 жастағы ер адам соңғы үш күн бойы мүлде үлкен дәретке бара алмай, іші кеуіп, жүрегі айныған. Қатты құсып, ауырған. Ақыры жедел шақырым, ауыр хәлде аурухана түскен.

Дәрігерлер шұғыл зерттеу жүргізіп, оның ішегінен 6 см қатерлі ісік тапқан екен. Сондықтан, шұғыл операция жасап, оны кескен. Қазір науқас үйіне шыққан. Дәрігерлер іші ауырып, салмақ жоғалтқан адамдарға толық диагностикадан өту керек деп дабыл қағып отыр.