Қазақстан – Орталық Азияда ДДҰ мақсатты көрсеткішіне қол жеткізген алғашқы ел болып отыр
Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жаһандық мониторинг жүйесі шеңберінде белгіленген, 2025 жылға дейін жұқпалы емес аурулардан (ЖЕА) болатын ерте өлім-жітімді 25%-ға азайту мақсатына жеткен Орталық Азиядағы алғашқы ел атанды. Бұл жөнінде ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алдын алуға болатын өлім-жітім, қауіп факторлары және ЖЕА-мен күрес стратегиялары» деп аталатын құжатта Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтудағы жетістіктері, әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкологиялық дерттердің алдын алу, диагностика және емдеу саласындағы ілгерілеуі айтылған.
ЖЕА (инфаркт, инсульт, қатерлі ісік, қант диабеті және т.б.) Еуропа өңіріндегі өлім-жітімнің 90%-ының себебі болып отыр. Қазақстан – бұл көрсеткіштерге жеткен алғашқы он елдің қатарында.
«Ел жүрек-қан тамырлары ауруларын емдейтін ұлттық орталықтар құруға инвестиция салудан бастап, темекі шегумен күресуге және қантты сусындарды тұтынуды азайтуға дейін кең ауқымды шараларды қабылдады. Бұл қадамдар қазірдің өзінде халық денсаулығына оң әсерін беріп жатыр», - деп жазылған баяндамада.
2017 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстанда катетеризация зертханаларының саны 31-ден 49-ға, ал инсульттік орталықтардың саны 83-ке жеткен. 2012 жылдан бері елімізде жүрекке қосалқы құрылғы орнату бойынша 600-ден астам ота, жүрек трансплантациясы бойынша 100-ге жуық ота жасалып, бұл салада Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр.
2024 жылдың қорытындысы бойынша:
«Ауруларды ерте анықтау, дер кезінде медициналық көмек көрсету және пациенттерді қолдау – Қазақстанның ұлттық денсаулық сақтау бағдарламасындағы басты басымдықтар», – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.
Қазақстан ТМД елдері арасында ең қатаң темекіге қарсы саясатты жүзеге асырып келеді:
Осының нәтижесінде шылым шегетін халықтың үлесі шамамен 20%-ға дейін төмендеді.
Сондай-ақ:
ДДҰ деректері бойынша, Қазақстан төмендегідей бағыттарда жұмысты күшейтуі қажет:
«Бүгінде тұз тұтынуды азайту және балаларға зиянды тағам өнімдерін жарнамалауға тыйым салу бойынша нақты шаралар жоқ, ал трансмайлар мен ана сүтіне балама өнімдерге қатысты нормалар жартылай ғана іске асып отыр. Бұл бағыттарды жетілдіру – алдағы кезеңдегі басты міндет», – деді Сұлтанғазиев.
ДДҰ-мен серіктестік, инфрақұрылымға салынған инвестициялар мен кешенді тәсілдің арқасында Қазақстан БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары мен Еуропалық денсаулық сақтау саясатының (EPW 2016–2030) міндеттерін табысты орындап келеді.