Қазір еліміз 2 млрд кВт/сағат электр энергиясын сатып алады
Қазақстан электр энергиясына тапшылықты жою үшін 2035 жылға дейін жаңа қуат көздерін іске қосады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында бірінші вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді.
«Біз қазір сырттан шамамен 2 миллиард кВт/сағат электр энергиясын сатып алып отырмыз, бірақ тұтыну шарықтау шегіне жеткен кезде электр энергиясының тапшылығы сезіледі. Сол себепті көршілерден электр қуатын жоғары бағамен алуға мәжбүрміз. Осыған байланысты 2035 жылға дейін жаңа қуат көздерін іске қосу бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленген, біз бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол.