Карантинді елемейтін қонақтар мен әншілер
Әлеуметтік желіде Түркістан облысында болған тойдың видеосы таралып жатыр. Қуаныш иесін құттықтауға келген қонақтардың санында шек жоқ. Арақшықтықты сақтау былай тұрсын тойшы қауым әншілермен суретке түсіп, би билеп жүр. Бірақ карантин тәртібін бұзған той иесіне әкімшілік кодекс бойынша, бар болғаны 14 мың теңге айыппұл салынады екен. Сондықтан коронавирустан қорқып жүрген ешкім жоқ. Тіпті карантин кезінде танымал әншілердің бірі мейрамханада, екіншісі аулада ән шырқап той жағалап кеткен.