«Көк базар» басшылары карантин талаптарын сақтамаған – Бекшин

Автор: Azattyq Rýhy

Ірі сауда орны 13 маусым күні жұмысын тоқтатқан болатын

Фото ашық дереккөзден

Алматының бас санитар дәрігері азық-түлік сататын «Көк базардың» жабылуына қатысты түсініктеме берді. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, ол Көк базарға осыдан үш апта бұрын ескерту жасалса да, базар әкімшілігі оған мән бермей, карантиннің басты талаптары орындамаған.

«Антисанитарлық жағдайда салаттар сатылған, сатушыларда санитарлық кітапшалар мен арнайы киімдер болмаған. Ескертулер жасалды, көбі айыппұл салынғанына наразылық білдірді. Мұның соңы немен аяқталды? 21 қызметкердің коронавирус жұқтырғанын естідіңіздер базар әкімшілігінен. Олар жабық бөлмелерде жұмыс істеді және осылайша бір-біріне жұқтырды. Базар әкімшілігі базарға қызметтік есіктер арқылы тексерілмей кіріп жүрген», - деді Алматының бас санитар дәрігері.