$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2025, 09:52
Қоғам

«Дикий Арманның» сыбайласы Дубайдан Қазақстанға экстрадицияланды

Ол «қаңтар оқиғасы» кезінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан

«Дикий Арманның» сыбайласы Дубайдан Қазақстанға экстрадицияланды
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның Бас прокуратурасы «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің сыбайласын елге қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұмагелдиевтің қылмыстық тобында болған ер адам Дубай қаласынан экстрадицияланған.

«Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысты деген күдікке ілінген. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталды», - деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Қазір «Дикий Арманның» сыбайласы Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Бас прокуратура атап өткендей, оған тағылған айып бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Серіктес жаңалықтары