Облыста резонанстық жағдай анықталды
Ақмола облысында 42 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқығы қалпына келтірілді. Бұл туралы облыстық прокуратураның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қадағалаушы орган мәліметінше, жетім балалардың тұрғын үйге бірінші кезекте ие болуға заңды құқығы бар. Алайда бұл талап көп жағдайда бұзылып келген.
«Бүгінде прокуратура актілері негізінде 42 жетім баланың тұрғын үйге құқықтары қалпына келтірілді. Кезектен заңсыз алып тастау, өтініш қабылдамау, заңсыз берілген пәтерлерді қайтару бойынша шаралар қабылданды», – делінген ведомство мәлімдемесінде.
Прокуратура бірқатар өрескел мысал келтірді:
Мұндай фактілердің анықталуына байланысты құқық қорғау органдары әкімдіктерге арнайы нұсқама беріп, шешімдерді қайта қарауға міндеттеді.
Қазақстанда жетім балалар мен қамқорсыз қалған балаларға мемлекеттік тұрғын үй кезегінде артықшылық беріледі. Алайда, құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл норма өңірлерде жиі орындалмайды. Әкімдіктерде тиісті мониторинг жүргізілмейді, ал кей жағдайда құжаттар қасақана қабылданбайды.
«Біз заң бұзушылықтардың алдын алу үшін әр істі жеке бақылауға алдық. Бұл балалардың конституциялық құқығы – оны аяқасты етуге жол берілмейді», – дейді Ақмола облыстық прокуратурасының өкілі.