Елордада бүгінге дейін 330 дәрігерден COVID-19 вирусы табылған
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, КВИ жұқтырған медицина мамандарының жағдайы бірқалыпты. 330 дәрігердің ішінде 200 адам Денсаулық сақтау басқармасына қарайтын медициналық ұйымдардың қызметкері екен.
«Қалада медицина саласындағы қызметкерлердің арасында 330 адам вирус жұқтырған. Олар республикалық маңызы бар, қалалық және ведомстволарға қарайтын медицина мекемелерінің қызметкерлері. Қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарайтын ұйымдардан 200 адам вирус жұқтырған. Қаза тапқан адамдардың арасында дәрігерлер жоқ», - деп хабарлады Қисықова.
Соңғы ақпарат бойынша, Нұр-Сұлтанда жалпы саны 2620 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 1829 адам жазылып шықса, қауіпті індеттен 14 адам көз жұмған.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан