Ular сыйлығының жеңімпаздары 500 мыңнан бастап 1 000 000 теңгеге дейін сыйлық алды
Бүгін 26 маусымда Жезқазғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне берілетін жыл сайынғы Ұлытау облысы әкімінің «Ular» сыйлығын тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Мереке иелерін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс әкімдігінің юаспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Құрмет орденімен Рахметов Шамхан Қыстаубайұлы, Ерен еңбегі үшін медалімен Ералина Салтанат Аманқызы марапатталды. Сонымен қатар, Еңбек ардагері медалімен Арымбекова Аманкүл Әділқызы марапатталса, Ақпарат саласының үздігі төсбелгілерін Одинцова Валентина Николаевна, Жұмабаев Қайрат Кенжекұлы мен Алпысбаева Мейрамкүл Саяжанқызы иеленді.
«Ular» сыйлығының номинацияларымен келесідей қызметкерлер марапатталды:
Барлық үміткерлерге 500 мың теңгеден табыс етілді. «Ұлытау облысы журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы мен 1 млн теңге көлеміндегі сертификат Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Мысты өңір» газетінің журналисі, Ибадатов Шахмұрат пен зейнеткер, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі, «Ұлытау» газетінің тілшісі Мағзұмбек Машайықұлына табысталды.
Үздік БАҚ қызметкерлері Ұлытау облысының Құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.