Қазақстандықтар Астана күніне орай қатарынан үш күн демалады

Автор: Нұргүл Абай

Мемлекеттік мереке жексенбіге түсіп тұрғандықтан, жұмыс күніне ауыстырылады

Фото: istockphoto.com

Қазақстандықтар 6 шілде – Астана күніне орай қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елімізде жыл сайын 6 шілде – Астана күні аталып өтеді. Биыл мемлекеттік мереке жексенбі күнге түсіп тұр. Ал қолданыстағы заңнама бойынша егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Осыған байланысты демалыс күні 6 шілде, жексенбіден 7 шілде, дүйсенбіге ауыстырылды.

Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 5, 6, 7 шілде қатарынан үш күн демалады.

Ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтындар 6, 7 шілдеде демалады.