Анель Забикулина қазір Асқардың артынан қалған екі қызын тәрбиелеп отыр
Бүгін құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау және құтқару саласында жүріп ерлік танытқан адамдармен қатар, қызмет бабында қаза тапқан адамдардың жақындарына алғыс хат табыс етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соның ішінде ол қызметтік борышын атқару кезінде мерт болған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жесірі Анель Забикулинаға алғыс жариялады.
«Қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулиннің жұбайы Анель Забикулинаға Алғыс жарияланды», - деп хабарлайды Тоқаев.
Асқар Забикулин 2022 жылы қарашада мерт болған
Елордалық Өрт сөндіруші Асқар Забикулин 2022 жылғы 16 қараша күні Астанада өртке оранған үш бөлмелі пәтердің тұрғындарын құтқарған өрт сөндіруші Асқар Забикулин ауыр халде ауруханаға түсіп, 20 қараша күні көз жұмды. Президенттің Жарлығымен Асқар қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасымен марапатталды.