$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.06.2020, 23:56
Қоғам

Қазақстанда некені QR-код арқылы тіркейтін қызмет іске қосылмақ

Бұл жұмыс осы айдың аяғына дейін аяқталады

Қазақстанда некені QR-код арқылы тіркейтін қызмет іске қосылмақ
Фото: ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев QR-код арқылы алуға болатын қызметтердің түрін айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«eGovmobile қосымшасы арқылы көрсетілмейтін қызметтерді QR-код арқылы алу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Айдың аяғына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз. QR-код арқылы алуға болатын алғашқы мемлекеттік қызметтер: некені тіркеу, баланың тууын тіркеу, балабақша кезегіне қою, заңды тұлғаны тіркеу, салық есебін қабылдау. Бұл қызметтерді компьютер арқылы алу барысында ЭЦҚ-ға қол қою кезінде QR-кодты сканерлеп, қызметті eGovMobile қосымшасы арқылы алуға сұрау жіберуге болады. Ол үшін компьютеріңізге ЭЦҚ-ны пайдалану үшін қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ», - деді министр.

Оның айтуынша, QR-код арқылы алуға болатын қызметтерді осы айда ұсыну үшін техник мамандар жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары