Мамыр айының қорытындысы: пияз қымбаттап, орамжапырақ арзандаған
Шымкент, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында жеміс-жидек пен көкөніс бағасы айтарлықтай өскен
Мамыр айының қорытындысы бойынша жемістер мен көкөністердің тұтыну бағасы бір айда 1,5%-ға өскен, ал бағаның жылдық өсімі - 10,1%. Оның ішінде картоп бағасы айтарлықтай өскен: бір айда - 7,9%, бір жылда - 45,8%.
Ал, жемістердің бағасы бір айда 6,1%-ға, бір жылда 26,4%-ға өскен. Бұл туралы мәліметті ranking.kz жариялады.
Бір айда жемістер мен көкөністердің бағасы аспандаған өңірлерге Шымкент (4,6%), Маңғыстау (+4%) және Атырау облыстары (+3,7%) кіреді. Ал бағаның төмендеуі төрт өңірде байқалды: Қарағанды облысы (−3,4%), Нұр-Сұлтан (−0,6%), Павлодар облысы (−0,2%) және БҚО (−0,1%).
Бір жылдағы көрсеткішке тоқталсақ, Шымкент (+23,9%), Ақтөбе (+16,1%) және Маңғыстау (+15,1%) облыстарында айтарлықтай өсім бар.
Қазақстан қалаларында мамыр айында басты пияз (13,3%, келісі 117,3 тг дейін), сәбіз (12,9%, келісі 467,5 тг дейін) және алма (8,9%, келісі 516,5 тг дейін) бағасы айтарлықтай өскен.
Ал, бағасы күрт арзандағандардың қатарына орамжапырақ (34,6%, келісі 80,8 тг дейін), жаңа піскен қызанақ (14,6%, келісі 607,3 тг дейін), жаңа піскен қияр (12,9%, келісі 467,5 тг дейін) кіреді.