$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.06.2025, 18:00
Қоғам

Қазақстанның бір облысы дәрігерлерге 5-10 млн теңгеден беріп жатыр

Бағдарлама басталғалы бері 110 дәрігерге көмек көрсетілген

Қазақстанның бір облысы дәрігерлерге 5-10 млн теңгеден беріп жатыр
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысы маман тапшылығын шешу үшін былтырдан бері дәрігерлерге көтерме ақы төлей бастады. Аз ғана уақыттың ішінде өңірдегі кадр тапшылығы 20,3 пайызға азайған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бағдарлама басталғалы бері 110 дәрігерге көтерме ақы төленген.

«Облыс әкімінің бастамасымен жүріп жатқан бағдарлама аясында жергілікті бюджет есебінен ауылға жұмыс істеуге келген дәрігерлерге 10 млн теңгеден, ал қалаға келгендерге 5 млн теңге көтерме ақы төленеді. Ол үшін алдымен үш айлық сынақ мерзімінен сәтті өту керек. Бұдан әрі дәрігер сол өңірдегі медицина мекемесінде кемінде 5 жыл жұмыс істеуге тиіс», – деп мәлімдеді Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, Ақсу аудандық орталық ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер отбасы Қайрат Қоңырбаев пен Кәмшат Жанғабаева 20 млн теңге қаржылай көмек алған.

«Өзім кардиологпын, ал зайыбым – акушер-гинеколог. Екеуіміздің медицина саласындағы жалпы еңбек өтіліміз – 18 жыл. Отбасы ретінде 20 млн теңге көлемінде көтерме ақы алдық, соның арқасында баспаналы болдық. Бұл – жас мамандар үшін де, халық үшін де өте пайдалы бағдарлама. Себебі осындай қолдаудың арқасында өңір ауылдарына жұмыс істеуге керекті мамандар келіп жатыр», - дейді Қоңырбаев.

Айта кетері, жетісулық дәрігерлер Түркия, Оңтүстік Корея сынды шет мемлекеттердің мамандарымен тәжірибе алмасып, тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар сұранысқа ие бейінді медицина мамандарын даярлау мақсатында 45 маман резидентурада оқып жүр.

Сондай-ақ Көксу ауданында жұмысқа келген 18 медицина маманы үшін 20 пәтерлік бес қабатты тұрғын үй салынып жатыр.

Серіктес жаңалықтары