Жаңа жылда Тоқаевқа арманын ашық айтқан кішкентай қыздың тағдыры не болды (ВИДЕО)
Әнел емделіп, аман-есен жазылып шыққан

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мерекелеріне орай Ақордада біраз дәрігерлерді құттықтап, марапаттаған еді. Марапаттау рәсімінен кейін кейбір дәрігерлер жұмысындағы таңғажайып оқиғалар туралы айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Сондай дәрігерлердің бірі – нефролог Шолпан Алтынова. Ол 2023 жылдың Жаңа жылын еске алып, кішкентай Әнелдің өмірін баяндап берді.
«2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Ана мен бала орталығында ем алып жатқан балаларды Жаңа жылымен құттықтап орталыққа келген. Сол уақытта президент кішкене ғана бір қыздан «қандай арманың бар?» деп сұрады. Сол Әнел деген бала «менің арманым – бүйрек» деп еді. Сонда президент «армандар орындалады» деп тілегін айтқан еді. Сол бала 2024 жылы донор бүйрегін алып, қазір үйінде білім алып жүр», - дейді дәрігер.
Айта кетейік, бүгін марапат алған дәрігерлердің арасында Ана мен бала орталығының нефролог-дәрігері Шолпан Алтынова да бар.
Тоқаев Ақордада дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, марапаттады
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбек сіңірген дәрігерлерді марапаттады.