Қазақстанда коронавирусты анықтайтын тестілеуден қалай және қай жерден өтуге болады?
Бойыңызда коронавирус инфекциясы бар-жоғын анықтау үшін тестілеуден қайда және қалай өтуге болады? Экпресс-тест пен ПТР-тестің айырмашылығы қандай деген маңызды сұрақтарға Azattyq Rýhy тілшісі жауап іздеп көрді.
COVID-19 анализінің түрлері
Коронавирусқа тест тапсырудың екі түрі бар: экспресс-тест және ПТР-тест (ПТР – Полимерзді тізбекті реакция).
Экпресс-тест арқылы коронавирус инфекциясына нақты диагноз қойылмайды. Экпресс-тест ағзадағы вирусты анықтап, иммунды жүйе реакциясын бағалайды. Ол үшін саусақтан қан алынып, нәтижесі 15 минут ішінде белгілі болады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, экпресс-тесттің сенімділігі 90%-дан аспайды, қалған 10%-ы дұрыс емес нәтиже беруі де мүмкін. Аталған экпресс-тест Birgemiz қорының қаражатына алынған.
Бойыңызда коронавирус инфекциясының бар-жоғын нақты анықтау үшін ПТР-тест тапсыру қажет. Бұл жағдайда мұрын мен тамақтағы сілекей және тамырдан қан алынады. Нәтижесі 6 сағаттан кейін белгілі болады.
Тесті тек арнайы және сертификатталған зертханаларда ғана өткізген дұрыс. Интернетте сатылып жатқан COVID-тестілеуге сенбеген абзал.
Арзан баға Ұлттық сараптама орталығында
Коронавирус инфекциясын анықтау үшін Қазақстан бойынша ПТР-тесті барлық аймақтардағы «Ұлттық сараптама ортылықтарында» тапсыруға болады. Ұлттық сараптама орталығында тест тапсыру үшін алдын ала nce.kz. сайтынан тіркеуден өту қажет.
Анализдерді қабылдау кестесі: таңғы сағат 8.30-дан сағат 16.00-ге дейін дейін үзіліссіз.
Орталық филиалдарына маска киіп, белгіленген уақыттан кешікпей баруыңыз қажет. Ұлттық сараптама орталығында тест тапсыру құны – 11500 теңге. Тест тапсыру үшін алдын ала жазылуыңыз қажет. Тест нәтижесі 12 немесе 24 сағат ішінде белгілі болады. Коронавирус анықталған жағдайда үйден шықпай 103, 1406 телефон нөмірлері арқылы жедел жәрдем шақыру қажет.
Сондай-ақ, кез келген адам COVID-19 тестін «Олимп» лабораториялар желісінде тапсыра алады. ПТР-тест құны 4 мамырдан бастап 15400 теңге.
Тегін тестілеуден кімдер өте алады?
«Олимп» орталығында коронавирусқа тегін экпресс-тест тапсыруға болады. Аталған тестілеуден өту үшін CDL.KZ сайтындағы сауалнаманы толтыруыңыз қажет. Кейіннен арнайы мамандар барлық сауалнамаларды қарап, ішінен кімдерге тегін тест жасауға болатынын іріктеп алады. Сізге орталық операторлары 10 тәулік ішінде хабарласып, қай уақытта, қай мекенжай бойынша тест тапсыра алатыныңызды хабарлайды.
Төмендегі категориядағы адамдар бірінші кезекте тегін экпресс-тест тапсыра алады:
Тест бағасының құны қанша?
Егер бойыңыздан коронавирус инфекциясының қандай да бір белгілерін байқаған болсаңыз, онда ақылы экспресс-тест тапсыра аласыз. Оның құны 5 мың теңге шамасында. Ал, «Олимптегі» ПТР-тест құны – 15400, Ұлттық ғылыми орталықта – 11500 теңге .
ПТР-тестілеуден кімдер тегін өтеді?
ПТР-тестін COVID-19 вирусын жұқтырған науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандар ғана тегін тапсырады. Күдікті деген науқастарды көлікпен медицина қызметкерлері өздері арнайы алып кетеді.
Нұр-Сұлтандағы ПТР-тест жасататын орталықтардың мекенжайы:
Тест тапсыру тек алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі 8 701 961 70 08 (WhatsApp мәтіндік СМС) (http://covid.kdlolymp.kz);
«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы (11 мың 500 тг): Желтоқсан көшесі, 46, тел. 31-54-09.
Қойылатын талаптар: санитарлық талаптарды қатаң сақтау, жолаушылардың саны аз болу қажет, арақашықтықты сақтау маңызды.
Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан