21 мыңнан астам ресурс бұғатталды
2024 жылдың басынан бері еліміздегі мектептерде буллингке қатысты 145 жағдай анықталды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, буллингпен күрес шеңберінде мектептерде құқықбұзушылықтарды анықтау жұмыстары күшейтілген. Нәтижесінде:
Киберқылмысқа қарсы департамент интернеттегі заңсыз, балаларға қауіпті контентті бақылауды тәулік бойы жүргізеді.
Ел бойынша барлық мектептерге 7 500-ден астам полиция қызметкері бекітілген. Сонымен қатар:
Әкімдіктер жанынан құрылған мобильді топтар кез келген зорлық-зомбылық жағдайына жедел жауап береді. Олардың құрамында:
«Балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру – мемлекет пен қоғамның басты міндеті», – делінген ресми хабарламада.
Буллинг – бұл балалар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын қысым, мазақтау немесе қудалау. Ол психологиялық, физикалық немесе әлеуметтік сипатта болуы мүмкін.