Тоқаев: Мемлекет балалардың дамуына барлық жағдайды жасай береді

Автор: Дәулет Ботагөз

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .  

«Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын!» – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.

Айта кетелік 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.