Қазақстанда 232 мың адамға үкімет 10,4 млрд теңге төлейтін болды

Автор: Бақыт Шынар

Жалпы, биыл АӘК төлеу үшін бюджеттен 132,9 млрд теңге бөлінген

Фото: Azattyq ruhy

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 43,4 мың отбасыны табысы аз деп бағалап, оларға 10,4 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төлейтін болды. Биыл әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 132,9 млрд теңге төлеу көзделген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – ақшалай қолдау, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сол арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару», - деп хабарлайды еңбек министрлігі.

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге төленеді

  • табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға;
  •  табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға;

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қайда өтініш жазу керек

«Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады», - деп хабарлайды министрлік.