Соңғы жылдары елімізде бұзақылық фактілері көбейіп кетті деп алаңдап отыр ол
Парламент Сенатының депутаты Геннадий Шиповских премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында бұзақылық үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутат соңғы кездері ел ішінде үрлық, орынсыз жанжал, бейәдеп әрекеттер мен көпшілік алдында төбелесу секілді оқиғалар жиілеп кеткеніне алаңдады. Айтуынша, мұндай бұзақылықтар қоғамда үрей тудырып, жұртшылықтың әділет пен тәртіпке деген сенімін әлсіретеді.
«Соңғы жаңалықтарға сәйкес, тіпті әкім орынбасарының өміріне қастандық жасау фактісі тіркеліп отыр. Сондай-ақ мектептерде бұзақылық өршіп тұр. Балалар мектепке оқуға бара ма, әлде біреуді ұруға, төбелесуге бара ма, адам баласы түсінбейді. Өкінішке қарай, қоғамдағы мұндай теріс әрекеттер тыныш өмірдің тамырына балта шабуы мүмкін, сондықтан бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. Бұзақылықтың алдын алу тек пролицияның ғана емес, бүкіл қоғамның, әсіресе мемлекеттік органдардың ортақ міндеті болуға тиіс», - дейді Шиповских.
Бас прокуратураның ақпаратынша, Қылмыстық кодекстің 293-бабы, яғни бұзақылық бойынша 2010 жылы 26 адам сотталса, 2024 жылы 460 адам істі болған. Ал Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы «ұсақ бұзақылық» бойынша 2022 жылы 15 282 іс тіркелсе, 2023 жылы 17 429, ал 2024 жылы 21 917 құқықбұзушылық тіркелген. Яғни статистика жылдан жылға өсіп жатыр.
«Мұның негізгі себептері – бұзақылықтың алдын алу тетіктерінің әлсіздігі, бейнебақылау жүйелерінің жеткіліксіздігі, профилактикалық жұмыстардың формалды түрде жүргізілуі. Құрметті Олжас Абайұлы, қоғамдық тәртіп пен азаматтық қауіпсіздік – әлеуметтік тұрақтылықтың негізі. Бұзақылыққа қарсы күресті күшейту үшін Үкімет тарапынан нақты шаралар қабылдау керек», - деп санайды сенатор.
Бұзақылықтың алдын алу үшін Геннадий Шиповских Үкіметке бірнеше ұсыныс тастады: