20.05.2025, 11:25
Қоғам
Биыл Қазақстанда грантқа құжаттар қашан қабылданады
Грант конкурсының нәтижесі 10 тамызға қарай шығады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
2025 жылы грант конкурсына құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Грантты тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау шілденің 13-20 күндері аралығында жүргізіледі. Оның нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады», - деді ол Үкімет отырысында.
Ал жоғары оқу орнына тіркелу 25 тамызға дейін жалғасады.
Вице-министр биылғы оқу жылы ЖОО-ларда 10 шілдеге дейін аяқталатынын атап өтті.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)