Қазақ-өзбек шекарасындағы өткізу бекеті қыркүйекке дейін жабылды

Автор: Нұргүл Абай

Бекетте жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Фото: newsmir.info

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Тажен» өткізу бекеті осы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін жабық болады. Осыған байланысты қарапайым азаматтар, жеңіл көліктер мен автобустар, жүк көтергіштігі 3,5 тоннаға дейінгі авттокөліктер үшін қозғалыс уақытша тоқтайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шекарада құрылыс жұмыстары жүріп жатыр

ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, мұндай шешім азаматтардың қауіпсіздігі үшін қабылданып отыр, себебі өткізу бекетінде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір осы нысанда ауқымды жұмыстар басталған: металл конструкцияларды орнату, инженерлік желілерді тарту, ғимараттарға күрделі жөндеу жасау.

Бұған қоса мамыр мен тамыз айлары аралығында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Тажен» (Қазақстан) және «Даут Ата» (Өзбекстан) өткізу бекеттері арасындағы бейтарап аймақта автожол салады. Осыған ұқсас жұмыстар Өзбекстан тарапынан да жүргізіледі жоспарланып отыр.

«Құрылыс жұмыстарының жалғасуына байланысты Қазақстан Өзбекстан тарапына шекарадан өтуге қойылған шектеуді тағы 4 айға — 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзарту жөнінде ресми түрде ұсыныс білдірді. Өзбекстан бұл бастаманы қолдады», - делінген хабарламада.

Комитет азаматтардан сапарды жоспарлау кезінде осы шектеуді ескеруді сұрады.