Ел азаматтары оқуға небары 26-28 минут арнайтыны анықталып отыр
2024 жылғы зерттеуге сәйкес, Қазақстанда 10 жастан асқан тұрғындар тәулігіне орта есеппен 9 сағат 26 минутын ұйқыға жұмсайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы «Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы» атты алты жылда бір рет өткізетін зерттеу қорытындысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зерттеуге 10 жастан асқан 11 914 адам қатысқан. Оның басты мақсаты – халықтың уақытты қалай пайдаланатынын, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті және өмір салтындағы өзгерістерді бағалау.