Олар – Шымкент қаласынан Зайсан ауданына әскерге шақырылғандар
Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 5 адам тіркелді. Науқастардың ішінде 1960 жылғы әйел адам мен 1948 жылғы зейнеткер ер адам Семей қаласының тұрғындары. Қалған үшеуі - 1997, 2000 және 2002 жылдары туған ер адамдар, Шымкент қаласынан Зайсан ауданына әскерге шақырылғандар.
«Зертханалық анализ 2 науқастан бұған дейін вирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны үшін алынса, қалған 3 науқастан профилактикалық мақсатпен скринингтік тексеру кезінде алынған. Вирусты жұқтырған науқастардың барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Олармен байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға дезинфекция жүргізіліп жатыр», - деп хабарланады.
7 маусымдағы жағдай бойынша, ШҚО-да корнавирус жұқтырған жалпы 190 адам тіркелген. Олардың ішінде сауығып шыққандардың саны – 65.