08.06.2020, 05:52
Қоғам
Өзбекстан Түркістанға гуманитарлық көмек жіберді
Көрші елден 150 мың бетперде, 2500 қорғаныс киімі келді
Фото: баспасөз қызметінен
Түркістан қаласына Өзбекстаннан үш жүк көлігімен гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Керуенді қарсы алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңір тұрғындары атынан алғыс білдірді.
«Көрші елден 150 мың медициналық бетперде, 2500 қорғаныс киімі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 термометр және 440 кереует келген. Аталған көмек алдағы уақытта Түркістан облысының барлық медициналық мекемесіне үлестірілмек», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 07:21
Жылы, жауын-шашынсыз: 5 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 16:05
СҚО-да зейнеткер 89 жастағы анасын балталап өлтірген