Алматылықтар алтын сатып алудан көш бастады

Автор: Темірхан Айжан

Қала тұрғындары 3 844 дана қымбат металды сатып алған 

Фото: depositphotos.com

2025 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан Ұлттық Банкі жалпы салмағы 176 кг болатын 11 084 дана алтын құймасын сатқан. Бұл туралы мекеменің ресми есебінде жазылған, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Алтын құймалар екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пункттері арқылы сатылды. Ұлттық Банк аталмыш ұйымдарға жалпы салмағы 50 кг болатын 4 939 дана құйма өткізген. Ең көп алтын сатып алуден алғашқы үштікті Алматы бастап тұр. Оңтүстік астаналықтар 3 844 дана құйманы сатып алған. Одан кейін Шымкент тұрғындары - 200 дана, Жамбыл облысының тұрғындары 180 дана құйма алған.

Бүгінгі таңда 10 грамдық алтын құйма ең көп сұранысқа ие болып отыр. Оның 59 936 данасы сатылған.

Ұлттық Банк өлшемелі алтын құймаларды тиімді инвестициялық құралға жатқызады. Азаматтар сатып алған құймаларды кейін кез келген уақытта банкке немесе айырбастау пунктіне өткізіп, ақшасын қайта ала алады.