Жасанды интеллект жүйелері тәуекел дәрежесіне қарай жіктеледі
Парламент Мәжілісі «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы мен оған ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заң жобасын президенттің тапсырмасымен Мәжіліс депутаттары әзірлеген болатын.
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляеваның айтуынша, жасанды интеллект үлкен мүмкіндіктерге жол ашса да, елеулі тәуекелдер де тудырады. Сол себепті осы саланы құқықтық реттеу үшін заң жобасы дайындалған.
«Біріншіден, заң жобасы жасанды интеллект технологиясын пайдалану процесінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мұнда біз пайдаланушылардың құқықтары мен бостандықтары, олардың жеке деректері туралы айтып отырмыз. Сонымен қатар, жаңа технологияны пайдалану кезінде барлық процестің ашықтығы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру өте маңызды. Екіншіден, заң осы саладағы әзірлеушілер мен инвесторлар үшін түсінікті және ашық «ойын ережелерін» жасайды. Бұл құқықтық сенімділікті қамтамасыз етеді, жасанды интеллект технологияларына деген сенімді арттырады және инвестиция тартуға ықпал етеді. Үшіншіден, заң жобасы экономикада жасанды интеллектіні енгізу кезінде мемлекеттің рөлін айқындайды. Сондай-ақ, біз жасанды интеллект саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу қағидаттарын белгілейміз», - дейді Смышляева Мәжілістің жалпы отырысында.
Депутаттың айтуынша, заң жобасының маңызды бөлігі – ұлттық жасанды интеллект платформасы. Бұл – жасанды интеллект өнімдерін әзірлеу мен қолдануға арналған бірыңғай инфрақұрылым.
Сондай-ақ, заң жобасында қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылған. Енді жасанды интеллект жүйелері тәуекел дәрежесіне қарай жіктеледі. Жоғары тәуекел жүйелері аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісіне жатқызылады. Бұл олардың қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Заң жобасы жасанды интеллект жүйелерін көмекшілерге, жартылай автономды жүйелерге және толық автономды алгоритмдерге бөледі. Кейбір жүйелерді Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тыйым салынады.
Бұдан бөлек, жасанды интеллектіні мынадай жағдайда пайдалануға болмайды:
Депутаттар заң жобасы Қазақстанда жасанды интеллектінің қауіпсіз және тұрақты экожүйесін құру жолындағы алғашқы, бірақ маңызды қадам болатынын атап өтті.