Полиция алаяқ «бақсыны» ұстап, қолға түсірді
Астана қаласы Сарыарқа аудандық криминалды полиция бөлімі алаяқтық жасады деген күдікпен қалада 43 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, псевдобақсы TikTok арқылы «жолыңды ашамын», «дуаны қайтарамын», «болашағыңды айтып беремін» деп жарнама берген.
«Бұл адамның кемі екі алаяқтыққа қатысы бар. Мәселен, жәбір көрген бір жігіт дұғалау үшін 250 мың теңге берген. Ақшаны оның жеке шотына аударған. Алайда, уәдесін орындамаған. Осы фактілер бойынша тергеу басталды», - деп хабарлайды полиция.