Оның үстіне, алаяқтар балаларды оңай ақшаға тартып, қауіп төндіріп отыр
Оқу-ағарту министрлігінің бала құқықтары жөніндегі комитеті алаяқтар енді балаларды алдап, олардың өзі мен ата-аналарының ақшаларына қауіп төндіріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Соңғы уақытта жасөспірімдерге бағытталған алаяқтық жағдайлары көбейіп кетті. Алаяқтар онлайн ойындар мен мессенджерлерді (әсіресе Telegram) пайдаланып, балаларды алдап, ата-аналардың банк карталарының деректерін қолға түсіруге немесе кәмелетке толмағандарды заңсыз қаржылық әрекеттерге тартуға тырысады», - деп хабарлайды комитет.
Дәлірек айтсақ, алаяқтар балалардан ата-анасының картасын суретке түсіруді сұрайды. Болмаса өз карталарын жалға алмақ болады. Болмаса, достары мен сыныптастарының карталарын жинап әкел дейді.
Осыған байланысты комитет ата-аналарды қырағы болуға, балаларының онлайн өмірін бақылап отыруға шақырды.