Қазақ оқушылары Сауд Арабиясындағы беделді жарыста 8 медаль иеленді

Автор: Бақыт Шынар

Төрт оқушы күміс медаль алса, тағы төртеуі қолға жүлдеге ие болған

Фото: оқу-ағарту министрлігі

Биыл 4–12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында өткен 25-ші Азия физика олимпиадасында Қазақстанның сегіз оқушысы медаль алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ел намысын қорғаған сегіз баланың төртеуі күміс, төртеуі қола медаль алған.

«Ал, 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова болса олимпиадаға қатысқан ең мықты қыз бала ретінде «Best Female» сыйлығын жеңіп алды», - деп хабарлайды министрлік.