Түркістанның полициясы толғағы қысқан әйелді перзентхана апара жатқан сәтін видеоға түсіріп алған
Олар жүкті әйелді ауруханаға дейін ертіп апарып, дәрігерлердің қолына тапсырған

Түркістан облысында «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында қызметке түскен облыстық полиция батальонының қызметкерлері Мақсат Шорманов пен Бақыт Оразбаев Шымкент бағытына қарай бет алған Lada автокөлігін тоқтатқан. Ішінде жүкті әйел бар екенін білген олар бірден көмек қолын созып, оны ауруханаға жеткізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жетісай ауданының тұрғыны әйелін өз көлігімен перзентханаға апара жатқан. Өйткені, әйелінің толғағы күшейіп, жағдай қиындай түскен. Полиция қызметкерлері бірден көмек қолын созып, оларды перзентханаға дейін ертіп апарған», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Анықталғандай, әйел аман-есен босанып, қызын бауырына басқан. Сәбидің ата-анасы полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, қуаныштарын жасыра алмаған.