«Үш жыл бойы аш жүрмін»: Алматының танымал блогері Астанаға көз салды (ВИДЕО)
Әсел Асқар соңғы уақытта жобалардан бас тартпауға тырысып жүргенін айтты

Блогер, актриса Әсел Асқар Астанаға келіп, тың жобаларды қолға алғанын айтты, деп жазады Azattyq Rýhy
Ол Мира Ахмадиға берген сұхбатында елордада жаңа фильмнің тұсаукесеріне қатысқанын және қосымша тың жобаларға назар аударып жүргенін айтты.
«Иә, біз қаңтар айында түсірген фильмнің тұсаукесерін өткізді. Сондай-ақ Астанаға тағы бір себеппен келдім, оны сәл кейінірек айтамын. Жалпы, біраз уақыт осында жұмыс істеп көргім келеді. Өйткені, Астананың нарығы ашық әрі жақсы», - деді ол.
Жалпы, блогер соңғы үш жылда ізденісте жүргенін айтып, қолынан келсе жобалардың бәріне қатысамын дейді.
«Шынымды айтсам, мен қазір жобаларға аш жүрмін. Соңғы үш жыл бойы мен жобаларға қатты бір талап қоймаймын. Ұсыныс болса, бәріне қатысуға дайынмын», - дейді ол.