$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.06.2020, 01:27
Қоғам

Кез келген ата-ана балаға екпе салудан бас тарта алады - Біртанов

Министр екпе салу туралы жазды

Кез келген ата-ана балаға екпе салудан бас тарта алады - Біртанов
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында екпе салу туралы тағы да түсініктеме берді. Оның айтуынша, вакцинация тек адамның келісімімен немесе балаға қатысты болса, заңды өкілінің рұқсатымен ғана жасалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Тағы бір рет вакцина туралы бар шындықты тыңдауды өтінемін. Адамға екпе салу - аурулардың алдын алуға арналған медициналық қызмет. Ол қолданыстағы Кодекс және жаңа Кодекс жобасы бойынша тек адамның келісімімен ғана жасалады. Кез келген адам (ата-ана) бас тарта алады», - деп жазды министр.

Министр вакцинация жасау халықты эпидемия мен инфекциялардан қорғаудың ғылыми негізделген және дәлелденген жалғыз тәсілі екенін атап өтті.

«Сондықтан кез келген мемлекет үшін міндетті. Бұл мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің міндетті шарасы. Егер вакцинация міндетті болмаса, перзентхана мен емхана дәрігерлері де екпе жасамайды», - деді Біртанов.

Оның айтуынша, мұның салдарынан жылына 4 миллионнан астам балаға гепатит, полиомиелит, туберкулез, пневмония сынды инфекцияларға қарсы мемлекет есебінен тегін екпе салынбайды.

Серіктес жаңалықтары