Абай облысындағы үш оқушы су арналарындағы қоқысты тазалайтын робот ойлап тапқан

Автор: Бақыт Шынар

Балалар осы арқылы экологиялық тазалыққа үлес қоспақ

Фото: оқу-ағарту министрлігі

Абай облысы Аягөз ауданының қазақ мектеп-лицейінде білім алатын Ерсұлтан Жұматай, Әмірхан Сапиев пен Әкежан Берік су арналарындағы қоқысты автоматты түрде тазартатын ерекше робот жасап шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, балалар экология, инженерия және робототехника сабақтарында алған білімдерін осылайша паш еткен.

«Жалын» деп аталған робот тұрмыстық қалдықтар мен жапырақтарды жинай отырып, су арналарын тазалайды», - деп жазады министрлік.

Оқушылардың өді болса осы робот туған ауылындағы тазалықты сақтауға үлес қосқылары келетінін айтқан.