Шымкенттегі шенеунік мемлекеттен ақша ұрлап, әйеліне көлік сыйлаған
Дәлірек айтсақ ол ұрланған ақшаға зайыбына электромобиль сатып берген

Антикор Қазақстанда жемқорлықтан түскен пайданы толық дәлелдеу үшін күдіктілердің туысы мен сенімді адамдарының атына рәсімдейтін активтерін де тексеретін болған. Әдетте, олар мүлік пен оны сатып алуға жұмсалған қаражаттың заңды шығу тегін дәлелдей алмайды, ал олардың ресми табысы активтердің құнынан едәуір төмен болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осылай деген Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаров бірнеше мысал келтірді.
«Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа күдікті тұлға қылмыстық жолмен алынған ақшаға автокөлік пен екі пәтер сатып алып, оны жұмыссыз туысының атына рәсімдеген. Шымкентте мемлекеттік қызметкер ұрланған ақшаға зайыбына электромобиль сатып алған», - деп хабарлайды Бегайдаров.
Бұдан өзге, Астана қаласында да Мысалы, Активтерді қайтару комитеті мен Антикор бір адамның негізгі жалақысы аз бола тұра, 5 млрд теңгеге тең мүлік пен зергерлік бұйымдарға иелік еткен. Антикор соттың шешімімен олардың бәрін мемлекет меншігіне қайтарды.