Астанада білім алатын студент халықаралық чемпионатта алтын медаль иеленді

Автор: Бақыт Шынар

Мұхаметжан Ағыбай Будапешттен жүлделі оралды

Фото: Астана әкімдігі

Астанадағы политехникалық колледждің студенті Мұхаметжан Ағыбай Будапеште өткен «WorldSkills Hungary 2025» чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Мұхаметжан Ағыбай – 2024 жылғы WorldSkills Kazakhstan чемпионатының жеңімпазы. Ол енді 2025 жылы Данияда өтетін EuroSkills чемпионатына қатыса алады.