Мекемені монополияға қарсы агенттік тексерген
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, саланың құзыретті мамандарын тарта отырып, Яндекс Такси компаниясына аудит жүргізген. Аудиттен өту міндеті Яндекс Таксиге монополияға қарсы комплаенс аясында жүктелген болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Агенттік жүйенің архитектурасын, баға қалыптастырудың базалық және динамикалық компоненттерін зерттеді, сонымен бірге әуежай аймақтары мен қаланың орталығынан алыс аудандардағы ерекшеліктер, сондай-ақ операциялық процестер қамтылды», - деп хабарлайды агенттік.
Аудит компанияның баға саясатында біраз тәуекелдерді анықтаған. Компания оның біразын жойса, біразын енді жоямыз деп міндет алған.
«Атап айтқанда, агенттіктің хабарламасы негізінде пайдаланушыларға арналған адалдық бағдарламасының ережелері өзгерді, яғни, Яндекс осы бағдарлама бойынша барлық шығынды өз мойнына алады», - деп жазған агенттік.
Ал, жалпы, енді Яндекс такси мына мәселелерді өзгертеді: