«Таңертең жұлдыз болып оянасыз». Ләйлә Сұлтанқызы тез танымал болу үшін не істеу керектігін айтты

Автор: Алмас Ерсін

Ол қазіргі буында мүмкіндік көп екенін атап өтті

Фото: polisia.kz

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы таңертең жұлдыз болып ояну үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біздің жастық шағымыз 90 жылдардың соңы 2000 жылдың басына тұспа-тұс келді. Ол кезде әндердің қалай жазылатынын өз көзіммен көрдім. Студияда жазатын еді. Ол кезде бәрі Ринат Гайсинге баратын. Қазір кішкене басқаша. Желі арқылы тез танымал болуға болады», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Ол қазіргі буында мүмкіндік көп екенін атап өтті.

«Телефондағы камераңызды қостыңыз, өзіңізді түсірдіңіз, видеоны жеке аккаунтыңызға жүктедіңіз, бітті. Таңертең жұлдызсыз. Бастысы талант, шынайылық», - дейді ол.