$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.04.2025, 15:00
Қоғам

Қазақстанда «Батырларға тағзым» онлайн-порталы іске қосылды

Сайтта қазірдің өзінде 677 мыңнан астам соғыс ардагері туралы ақпарат жиналған

Қазақстанда «Батырларға тағзым» онлайн-порталы іске қосылды
Фото: Azattyq Rýhy

Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-порталды іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жобаның мақсаты – Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен жанкештілігі туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпарат жеткізу.

«Порталда кең көлемді мәліметтер базасы бар. Сайтта қазірдің өзінде 677 мыңнан астам соғыс ардагері, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері туралы ақпарат жинақталған. Интерфейс қажетті ақпаратты табуға ғана емес, сонымен бірге ардагер туыстары туралы деректерді қосуға, жаңалықтармен танысуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Бұл портал тарихты болашақ ұрпақ үшін сақтап, батырларға тағзым етіп, құрмет көрсетуге арналған платформа қызметін атқарады деп атап өтті ведомство.

Онлайн-портал пайдаланушылары:

  • сайтқа өз туысының тарихын қоса алады: әр адамның соғысқа қатысқан жақындары туралы естелігін бөлісуге мүмкіндігі бар.
  • фотосурет жүктей алады: әр қолданушы ардагер туысының суреттерін веб-порталға жүктеп, оның жарқын бейнесін мәңгілікке аманат етуге мүмкіндігі бар.
  • жаңа мәліметтер қоса алады: веб-порталдың дерекқорына енбеген ардагерлердің деректерін оңай енгізуге болады.
  • батырлар галереясын көре алады: сайтта қазірдің өзінде көптеген батырдың өмірбаяны жазылған галерея бар, кез келген адам осы бөлімнен олардың өмірі мен жасаған ерлігі туралы көбірек ақпарат алады.
  • жаңалықтар үнемі жаңарып отырады.

Айта кетері, Жеңістің 80 жылдығына орай республика бойынша 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылмақ.

Серіктес жаңалықтары