«Әйелдерді ұруға болады» деген астаналық профессор жұмыстан қуылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Еуразия Ұлттық университетінде оқытушы болған

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры әлеуметтік желідегі жазбасы үшін жұмыстан қуылды деп жазады Tengrinews.kz. Ерлан Сүлейменов сексистік бағыттағы пікірлер жазған.

«Этика жөніндегі комиссия оның әрекетін адамгершілікке жат деп таныды және осы комиссияның ұсынысымен ЖОО ректоры Сүлейменовпен еңбек келісімшартын бұзу туралы бұйрық шығарды», - делінген оқу орнының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, профессор Ерлан Сүлейменов Facebook әлеуметтік желісінде Әсия Ермұхамбетованың жазбасының астына «әйелдерді ұруға болады» деген сарында өз пікір қалдырған. Оның бұл пікірі желі қолданушылары арасында қызу пікірталасқа ұласқан.