Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті
Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда ресми түрде 48 адам коронавирустан көз жұмды деп тіркеліп отыр. Денсаулық сақтау министрі бұдан бөлек, басқа да себептерден қайтыс болған тағы 37 адамнан да COVID-19 вирусы табылғанын айтты.
«Азаматтар көп жағдайда бұл жай ауру деп сенбейді. Өкінішке қарай, бұл жай ауру емес. 48 науқас қаза тапты. Қосымша 37 адам жарақаттан немесе шұғыл аурулардан көз жұмды. Бірақ олардан да коронавирус табылды. Бірақ өлімінің негізгі себебі коронавирус болған 48 адам», - деді министр.
Қазір ел бойынша 24 науқас жасанды демалу аппаратына қосылған. Яғни, оларда пневмония асқынған.
«Өңірлердегі жағдай өзімнің бақылауымда. Статистиканы қарап отырамын. Өңірлерде төсек орындар жеткілікті», - деді Біртанов.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан