Мұхтар Шахановтың отбасы тағы да қара жамылды

Автор: Бақыт Шынар

Қаралы хабарды Қыздар педагогикалық университетінің ұжымы хабарлады

Фото: instagram.com/qyzpukz/

Ғалым, педагог Розалинда Шаханова 74 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаралы хабарды Қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай хабарлап, ұстаздың отбасына көңіл айтқан.

Айта кетейік, Розалинда Шаханова ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың бұрынғы әйелі. Төрт жыл бұрын екеуінің ұлы  Рауан Шаханов мезгілсіз өмірден өткен еді.

Розалинда Шаханова – 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. QyzPU-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығына түсіп, оны 1974 жылы тәмамдаған. Бес жылға жуық орта мектепте тәрбиеші және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеген.

Ғылымға шынайы бет бұрған Розалинда Шаханова 1990 жылы кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шыққан. 1993 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша екінші жоғары білім туралы диплом алған. Сонымен қатар сол жылы доцент ғылыми атағына ие болды.