Заң бұзу фактісін прокуратура анықтаған
Балқаш қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі 14 баланың ай сайын мемлекеттен төленетін қосымша 13 106 теңгеден қағылып отырғанын анықтап, олардың құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Прокуратура анықтағандай, Балқаш қаласында үйде оқитын 38 мүгедек баланың 14-інің ата-анасы тиісті жәрдемақы алмаған. Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша мұндай өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды (айына 13106 теңге), ақша тоқсан сайын төленеді», - деп хабарлайды прокуратура.
Тексеру қорытындысы бойынша прокуратура Балқаш қаласының білім басқармасына ұсыну енгізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде балалар енді осы ақшаларын алатын болды.