Ол кәсіпорынның мүлкін заңсыз сатып, ақша жымқырған
Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауданының соты «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Антикордың ақпаратынша, Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сатып, қомақты қаражатты өзі иемденіп алған. Осылайша сот оны ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп таныды.
«Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.